Мы в социальных сетях!

ок  вк  фб  

Қазақ поэзиясының алтын бастауы боп есептелінетін жыраулар поэзиясы ешқашан ескірмек емес. Қолдарыңыздағы аудиокітапта сан ғасырлардан шаршамай, шалдықпай жеткен тұлпар жырлар,шаң қаппайтын дүржауһарлар топтастырылған. Қазақтың арда кезін көргіңіз келсе,жырауларды тыңдаңыз,қазақтың жарқын болашағын көргіңіз келсе,жырауларды тыңдаңыз. Мұндай поэзиясы бар халықтың бақытысыз болуы мүмкін емес."Жорық жырлары" деген атпен жарық көріп отырған жинаққа енген жырлар "Жазушы" баспасынан әржылдарда шыққан "Үш ғасыр жырлайды", "Бес ғасыр жырлайды" атты кітаптардан алынды.

Ә.Кекілбаев - Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Ғылым Университетінің академигі, профессор, заманымыздың заңғар жазушысы, ұлт мақтанышы.

«Шұғаның белгісі» - қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі. Бейімбет Майлин – "қазақ әңгіме жанрының атасы" деуге болады.

 

Ұлпан - Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі. Бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт тараудан тұрады. Әрбір жеке тараулары рим цифрымен белгіленген.Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар.

     Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.      

 

Additional information