Мы в социальных сетях!

ок  вк  фб  

 

2018 жылдың 17 қаңтар күні аудандық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысының 80 жылдығына орай «Менің туған- Ертісім» атты өлкетану сағаты өтті. Іс-шараға Успен аграрлық-техникалық колледжінің 3-курс студенттері қатысты. Өлкетану сағатында қатысушылар Павлодар өңірінің даму жолдарының тарихы, мәдениеті жайында толық ақпарат алды. Сонымен қатар жерлес-ақын жазушыларымыздың өмір баяндарымен таныстырылып, өлеңдері оқылды.
Кітапхана оқырмандары Д.Амри -Қ.Бехожиннің «Ертісім сені сағындым», «Түнгі көшеде», Д.Ибраева - И.Байқазовтың «Мақтандым бүгін, мақтандым», О.Мошоник - Қ. В. Семерьяновтың «Этот город мой» , Ф. Янокоглова О. Григорьеваның «Театр» өлендерін оқыды.Кітапханашы К.Б.Жалелова «Өлкем менің- мақтанышым» кітап көрмесінен Павлодар облысы туралы фотоқұжаттармен таныстырып, кітаптарға шолу жасады.

 

 

Additional information