Мы в социальных сетях!

ок  вк  фб  

 

2018 жылдың 9-шы ақпан күні аудандық кітапханада Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері бейне ролик арқылы көрсетіліп тақыланды. «Тәуелсіздік дәуірі » кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған еңбек жасампаз жылдардың жылнамасы іспетті. Н. Назарбаев: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады!» деп жазған. Кітап бірнеше тараудан құралған. «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)» деп аталатын төрт тараудан, 506 беттен тұрады. Алғашқы үш бөлімде Қазақстанның бірінші және екінші жаңғыру жайы арқау болса, соңғы бөлімде үшінші жаңғыру арқылы озық отыздыққа кіру жолдары жазылғаны жайында таныстырылды. Бұл шараға "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары: А.В. Ви қатысып, колледж студенттеріне 26 жыл бойы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан елінің қалыптасуына, және жаңғыру кезеңдеріне қалай қол жеткізгеніміз туралы көптеген мәліметтерді талқылады және қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар «Жаңа дәуірге-жасампаз істермен» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының бұған дейін шыққан кітаптары, мерзімді басылымдарға жарияланған материалдары қойылды. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның одан әрі дамуы үшін нақты мақсаттар қойып отырғаны жөнінде айтылады. Бұл кітап барлық жастағы оқырманғадарға арналған.

 

 

 

Additional information