Мы в социальных сетях!

ок  вк  фб  

12.04.17. В виртуальное  путешествие «Ғаламшардағы  адам», «Человек в космосе»  отправились ребята младшего возраста из СОШ №2.

 

 

6.04.17. К Всемирному дню здоровья был приурочен спортивно-интеллектуальный  турнир «Менің денсаулығым – отбасымның денсаулығы», «Здоровый я - здоровая семья».

 

1.04.17г. С целью продвижения поэтического наследия  Павлодарской поэтессы Ольги Григорьевой  среди читателей детей и их родителей в  детском отделении ЦРБ прошел конкурс поэзии «Қоршаған әлем-міне менің шабыт берушім», «Мир вокруг - вот мое вдохновение».

18.03.17г. в Ковалевской с/библиотеке проведено мероприятие литературно-музыкальная композиция «Наурызым – ұлыс берекем!» Участниками мероприятия стали пенсионеры, многодетные семьи, безработные, инвалиды. Среди гостей была уважаемая жительница нашего села Айман апа, она рассказала о традициях и обычаях праздника Наурыз. Провела обряд "Шашу" раздала детям угощение, угостила гостей Наурыз көже. Не обашлось без пресудствия главного персонажа праздника Наурыз Кыдырата и его благословения - «бата». Дети прочитали стихотворения, мальчики танцевали танец «Бозжорга», а девочки танец «Камажай». В ходе мероприятия были проведены игры «Киізүй», «Кыз-куу», «Байга», «Аркан тартыс».
К мероприятию была оформлена книжная выставка «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!», выставка народно-прикладного творчества «Киіз үй». Библиотекарь Беркимбаева Р. познакомили присутствующих с культурой и традициями казахского народа.
Библиотекарь: Беркимбаева Р.Б.

 

 

                                     Наурызыңды қабылда - дала Көктем!
Бұл мереке көктемнің тууын, табиғаттың ашылуын, өмірдің жаңаруын көрсетеді.Сондықтан қазақ халқы бұл айды-наурыз деп атаған болатын. Парсы тілінен аударғанда наурыз - «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.
Халықта, бұл мерекені қаншалықты кең пейілділікпен атап өтсең, соншалықты жылдың ырысты болатынына сенімді қағида бар.
Бұл мерекенің қарсаңында, ауылдық кітапханада зейнеткерлерге арналған әдеби-әуенді композиция болып өтті. Зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін, зейнеткерлер белсенді өмір салтын жүргізе бастайды; кейбірі бір-біріне қонаққа барып, жақсы қарым-қатынаста болады. Дәл осындай кездесулерде барлығын көріп,жаңалықтарымен бөлісіп уақыттарын жылы шырайлы қалыпта, көңілді өткізуге мүмкіндік туады.Қонақтарды ыстық лебіздарімен,қонақжайлығымен мерекелік шараның ұйымдастырушылары –ауыл кітапханашысы және ардагерлер кеңесінің жетекшісі Л.С. Островлянчик, «Кітапсүйгіш», «Жібек жіп», «Мередиан» үйірмелерінің мүшелері қарсы алды. Олардың әрқайсысы, өз құттықтауларында зейнеткерлеріміздің еңбекқорлық пен ынталы,даналықтары және құлшыныс мінездері үшін ризашылықтарын білдірді. Ал бүгінгі күні ең маңыздысы – бұл жалпы Қазақстанға да, әр отбасына да бейбіт өмір гүлдену мен ынтымақтастық тілегі.
Мереке ойын-сауық, ән,би, дәстүрлі шәшу, «Ат қою» және «Азан шақыру» салттарын көрсетулерімен сүйемелденіп отырылды. Шәй ішу мен би ұйымдастырылды.
Біздің өмір қуанышты және мұңаю сәттеріне толы, кейде оларды бір-бірінен айыру мүмкін болмайды. Кездесу өтті, бірақ алған әсер ұзаққа дейін көңілде қалатыны сөзсіз.
Е.Беспалько, Галицк ауылы.

 

18.03.17ж. Балалар кітаптары  апталығының ашылу  салтанатына №3 Успен ЖОББМ-нің  3-4 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік шараға арналған «Менің ең жақын достарым – кітап және кітапхана»  тақырыбында  ойын-сайыс бағдарламасы ұйымдастырылды.  Балалар ертегі кейіпкерлерін  айқын түсті киімдерімен, іс-қимылдарымен қызықты етіп көрсете алды. Ұйымдастырушылар балаларға халық ертегілерінен  үзінді оқып беріп, түрлі викториналық ойындар ойнатты. Сайқымазақ, Алдар Көсе және  түлкі Алиса  балалармен бірге ойын қызығына кіріп кетті.  Балалар белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсете білді. Кітапханашылар  «Жаңа кітаптар» көрмесімен таныстырды. Ойын-сайыс соңында балаларға сыйлықтар табыс етілді.

                        Кітапханадағы Наурыз мейрамы

   Адам өмірі табиғат берген сыйға толы.Әр адам ол сыйды өзінше қабылдайды.Көктем шыға көңіл бір қуанышты күтетіндей күй кешеді.Табиғат та өз тарапынан жылу шашып, күн нұрына бөлей бастайды.Табиғат құбылысы мен адам күйі бір-бірімен байланысып,бір-бірін толықтырып айналаға мереке шапағаты орнай бастайды. Міне осындай күн мен түн теңеліп беу шешек ата бастаған тамаша мезгілде Наурыз мерекесі туған.Біз осы мерекені үздігіп күтеміз. Болмысымыздан жаңалыққа құмарлығымыз артып тұрған біз, ескіліктен, қысқы шаршап-шалдыққан кейпімізден арылып,серпіліп жаңара бастаймыз. Қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша бұл күні сақтаған сүрлерін және  басқадай тамақтарын шығарып түрлі тағамдар әзірлеп жұртқа жегізеді.Ескі-құсқыдан арылып, үйлерін аластап тазартады. Сөйтіп, жыл басын қарсы алады. Біздің қазақ халқы  жөн-жоралғы,әдет-ғұрып,тұрмыс-салтының  өте байлығымен ерекшеленген.

    Жыл сайын осы дәстүрлердің көнергенін жаңартып,жаңғыртып жалғастыру жақсы дәстүрге айналған. Аудандық кітапхана сондай ортаның бірі. Наурыз мерекесі қарсаңындағы күндердің бірінде , кітапханадағы  салтанатты әуен, көңілді шырқалған ән, ұлттық тағам мен тәттілерге толы  жасаулы дастарқан,шаттық сезімге толы қалып қонақтарды құшағын жая қарсы алды. Кітапханашылар ұжымы бұл мерекеге алдын-ала аудандық ардагерлер ұйымы өкілдерін, белсенді  оқырмандарды, мектептің өнерлі оқушыларын  шақырды. Мереке шаттыққа толы салтанатты қалыпта басталып, ұйымдастырушылар ұсынған бағдарлама әр түрі әсерлі қошаметке толы болды.Қонақтар мен кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері мереке қалпына толығымен еніп, өздерін ду-думан кейіпкерлері ретінде сезінді.

    Аудан кітапханасының директоры Г.В.Негриенко өз құттықтауын айтып болғаннан кейін,қонақтармен бірге Наурыздың Гүлден Аубакирова шырқаған ән, №3 мектеп оқушылары:  Дилнәз Тоқбатыр ойнаған күй, Ажар Жарылқасын,Салтанат Сарсенбаева ,Фарида Бақытбекқызы, Ділнәз Тоқбатыр  билеген билерді  тамашалады. Наурызда жұрт бір-біріне жақсылық тілеген және сол тілектерін өлеңдетіп «Саумалық» айтып, барлық пәле-жаға осы сынған ыдыспен кетсін деп ыдыс сындырған. Сондай көріністі бақылағаннан кейін қонақтарды қазақтың жанұясындағы үйлену тойға арналған қоржын салу рәсімі күтіп тұрды. Қонақтар ұйымдастырушылармен бірігіп  болашақ келіннің туыстарына апаратын сый-құрметі туралы қызу әңгіме үстінде қоржынды толтырды. Қоржын шәйі  үстінде ауылдың алты ауызы да ұмыт қалған жоқ. Кейін ,күйеу жігіттің анасы бәрін, қыз алу үшін құдалыққа шақырды. Қыз жақ арқан тартып, болашақ құдаларын қарсы алып,екі құдағи иық қағысып амандасты.Одан қызды екі жеңгесі ертіп келіп көрімдігін алды.Сөйтіп сырға салу рәсімі де өтті. Қоржын ашылып тиесілі сыйлықтар таратылды.Ән айтылып, би биленді.Қызын қимаған ананың әні де Айбике апайдың орындауында орындалды. Соңы Наурыз мәзіріне дайындалған дастарқанға ұласты. Дастарқанға қазақ дәстүрі бойынша, Күлпәш Мәуленқызы Қабиева ақ батасын айтып, сол күнгі мейрам өз мәзіріне жетіп, кететін уақыт жетсе де қонақтар орнаған жылы-шырайлы  қалыптан айрылғысы келмей өз лебіздерін,алғыстарын бір-бірімен жарысып айта берді. В.К.Нечталюк,Валентина Федоровна Пикулина, Гулден Аубакирова, Айбике Даникеновалар өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп осы күннен алған әсерлерін, бұрын көрмеген,естімеген,естісе де куәсі бола алмаған нәрселерге қанық болғанын айтып бөлісті. Нағым Бисенқызы Сағатова: бұндай кездесулер  мен үшін,жалпы халық үшін маңызды,  өз басым денсаулығым үшін бір курстық ем қолданғаннан асып түспесе кем болмайтын әсер алдым. Тура бір тойда жүргендей жағымды эмоцияға толған көңіл-күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес! Енді осындай шараларға шақырып отырсаңыздар, мен қуана-қуана келіп отырушы едім. Еңбектерің жемісті болып,табыстан-табысқа жете беріңдер, сіздердің еңбектеріңіз қоғамға өте пайдалы.-деп қоштасты.Қатысушылар мен қонақтар бір-біріне деген ыстық сезімдері ұзақ уақытқа сақталып қалатынына сенімді.Себебі бір-біріне қуаныш сыйлау,жақсылық тілеу, жылулық, сүйіспеншілік жүректен шын пейілмен шығып тұрды.

 

 

04.03.17. В читальном зале ЦРБ на фоне выставки «О, женщин! Краса Земли» прошел литературно- музыкальный вечер «Ана-өмір жүрегі!». Гостями мероприятия стали семьи  Аубакировых, Бочковских, Косыбаевых, Молдагазиновых, Куликовых, Пудич, Сулейменовых.  Вниманию гостей был показан видео-ролик «Посвящение маме». Во время праздника  дети и взрослые проявили свои творческие способности,  читали стихи, пели песни, показывали  сценки, особенно замечательными были частушки.  Гости познакомились с притчами и легендами о матери, посмотрели мультимедийную презентацию  «Ох, как непросто быть мамами!», о важности  для детей ценности маминой заботы, ласки и внимания. Была  подготовлена выставка поделок  читателей- семей «Мир семейных увлечений». На этой необычной выставке, кроме поделок, были представлены книги и стихи о матери. Мероприятие прошло весело и живо, в тёплом, семейном кругу.  

 

1 марта в 5 классе УСОШ№1 прошел тематический час «Нам есть, за что быть благодарными», посвященный празднованию Дня Благодарности в Казахстане.  Библиотекари  детского  и взрослого отделений ЦРБ  в своем  выступлении  раскрыли многогранность понятия «благодарность», «доброта», «добрый человек» во время демонстрации слайд- презентации «Спасибо Республике моей». Школьники узнали о об истории возникновения этого праздника, просмотрели  документальный фильм «Курт – священный камень», видео « О Казахстане с любовью».  Юные слушатели участвовали в творческой Акции  «Поблагодари!», на приготовленных силуэтах сердец писали  слова благодарности тем людям, которые, по их мнению, этого заслуживают. В заключении  прошел  обзор  литературы, представленной на книжной выставке «Жүрекке жақын алғыс», где представлены книги об истории создания и развития Ассамблеи народов Казахстана, произведения  казахстанских писателей Г. Бельгера,  КаназоваМ,  герои которых взяты из реальной жизни. 

 

Additional information